Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектептің «Айгөлек» шағын орталығында коммуникативтік сауатылық апталығы бойынша тәрбиеші Э.С. Уфиркина бүлдіршіндерге арналған «Құпия құлыптың кілтін тап» атты қызықты ойын ұйымдастырды.Ойын барысында балала
Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектептің «Айгөлек» шағын орталығында коммуникативтік сауатылық апталығы бойынша тәрбиеші Э.С. Уфиркина бүлдіршіндерге арналған «Құпия құлыптың кілтін тап» атты қызықты ойын ұйымдастырды.Ойын барысында балалар көңілді пойызға отырып, қиял әлеміне саяхат жасады. Түрлі қызықты тапсырмаларды орындап, құпия құлыптың кілтін табуға талпынды
Мақсаты: балалардың логикалық ойлауын, зейінін, есте сақтау қабілетін, тапқырлығы мен ұсақ қол моторикасын дамыту, бірлесіп әрекет етуге және достыққа тәрбиелеу.
Көңілді пойыз ойыны бүлдіршіндерге ерекше қуаныш сыйлап, олардың көңіл күйлерін көтерді. Балалар ойынға белсенді қатысып, шаттыққа бөленді.
Тәрбиеші Уфиркина Э.С. ұйымдастырған бұл қызықты іс-әрекет балалардың жүздеріне күлкі ұялатып, ұмытылмас әсер қалдырды.