back-image
"Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
20 қараша – Дүниежүзілік балалар күніне орай мектебімізде «Бала құқығы – басты құндылық» тақырыбында онкүндіктің ашылуы ұйымдастырылып, оқушылар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арт
21-11-2026 11:44
20 қараша – Дүниежүзілік балалар күніне орай мектебімізде «Бала құқығы – басты құндылық» тақырыбында онкүндіктің ашылуы ұйымдастырылып, оқушылар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арт
20 қараша – Дүниежүзілік балалар күніне орай мектебімізде «Бала құқығы – басты құндылық» тақырыбында онкүндіктің ашылуы ұйымдастырылып, оқушылар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, бала құқықтары туралы түсініктерін кеңейту, өз құқықтары мен міндеттерін білуге және құрметтеуге тәрбиелеу.
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары барысында оқушыларға БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясы, балалардың білім алу, қауіпсіз ортада өмір сүру, өз пікірін еркін білдіру және қорғалу құқықтары туралы мәліметтер берілді.
Сонымен қатар оқушыларға құқық пен жауапкершіліктің өзара байланысы түсіндіріліп, қауіпсіздік, өзара сыйластық және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері қозғалды.
✨ Әр баланың құқығы қорғалуы тиіс, әр баланың пікірі маңызды!
Жаңалықтар