Аралық емтихан болып өтті
Сарыөзен НОМ бойынша 28-ші мамыр 7,8-ші сыныптар қазақ тілі пәнінен сыныптан сыныпқа көшу негізінде аралық емтиханды тапсырды. 7 -сыныптың емтиханы 9.00 де басталып, 11.00 аяқталды. Емтихан алушы Кабиева О.М. Ассистент Байжуманова М.Е. 8-сынып оқушыларының емтиханы 11.30 басталып, 14.00 өз мәресіне жетті. Осылайша мектептің аралық емтихандары өз кезегімен орындалып өтті. Ендігі жерде оқушыларды қызықты әрі көңілді жаз күтуде.