back-image
КГУ "Общеобразовательная школа им. Рахима Асубаева"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Общеобразовательная школа им. Рахима Асубаева"
“ЖАС ҚҰТҚАРУШЫ”
07-04-2026 11:44
“ЖАС ҚҰТҚАРУШЫ”
ЖЕҢІС ЖАРШЫСЫ – “ЖАС ҚҰТҚАРУШЫ” ҮЙІРМЕСІНІҢ ҚЫЗДАРЫ
Мектебіміздің “Жас құтқарушы” үйірмесінің қыздары Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың 101 жылдығына орай ұйымдастырылған аудандық қыздар арасында пневматикалық қарудан оқ ату жарысында жоғары шеберлік пен мергендіктерін танытып, І орынға ие болды.
Бұл жарыс – жас ұрпақтың бойында патриоттық рухты, батылдықты, тәртіпті, ептілік пен дәлдікті қалыптастыруға бағытталған тағылымды іс-шаралардың бірі. Әсіресе, қазақтың қаһарман қызы Әлия Молдағұлованың ерлігі мен қайсарлығын үлгі ету – бүгінгі жас буын үшін үлкен тәрбие мектебі.
Жарыс барысында мектебіміздің қыздары пневматикалық қарудан нысана көздеуде жоғары дәлдік, жылдамдық, сабырлылық және ұйымшылдық танытып, қарсыластарынан оза шауып, жүлделі І орынды иеленді. Бұл – олардың тыңғылықты дайындығы мен табандылығының, сондай-ақ жетекшілерінің жүйелі еңбегінің нәтижесі.
Осындай айтулы жеңіс – мектебіміз үшін үлкен мақтаныш. Жас мерген қыздарымыздың жетістігі өзге оқушыларға үлгі болып, оларды Отанды сүюге, ел намысын қорғауға, қайсарлық пен жауапкершілікке баулиды.
Жеңімпаз қыздарымызды шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта облыстық жарыста да биік белестерді бағындырып, жаңа жеңістерге жете берулеріне тілектеспіз!
Жеңістеріңіз көп болсын, жас құтқарушылар!
 
Новости