Р. Асубаев атындағы ЖББМ-де мектепішілік оқу жетістіктерін бағалау тиімді дайындалу жолдарын қарастыруға арналған дайындықтар 4-9 сыныптарда https://edutest.kz/ платформасының көмегімен өкізіліп жатыр. Оқушылардың білім деңгейін арттыруға бағытталған негізгі тәсілдер мен әдістер сипатталады. Атап айтқанда, оқу бағдарламасын жүйелі түрде қайталау, тест тапсырмаларын орындау арқылы тәжірибе жинақтау, уақытты дұрыс басқару және жеке оқу жоспарын құрудың маңыздылығы қарастырылады. Сонымен қатар, есте сақтау қабілетін дамытуға арналған тәсілдер мен психологиялық дайындықтың рөліне ерекше көңіл бөлінеді. Жұмыстың мақсаты – оқушыларға МОДО-ға сапалы дайындалып, жоғары нәтижеге қол жеткізуге көмектесу.