Таза Қазақстан акциясы
Таза Қазақстан акциясы аясында Р. Асубаев атындағы ЖББМ мұғалімдері сенбілікке белсене қатысты. Іс-шара барысында мектеп ауласы мен айналасы тазартылып, қоқыстар жиналды, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Ұстаздар қоршаған ортаны қорғауға үлес қосып, тазалық пен тәртіптің маңызын үлгі ретінде көрсетті.