Асубаев ЖББМ оқушылары, ұстаздары, отбасылар да"Кітап оқитын ұлт" жобасына белсене қатысты. Аудандық байқауда жүлдегер, жеңімпаз атанған 7- сынып оқушысы Тасқынбай Дарын, 6- сынып оқушысы Жукова Александра, 7- сынып оқушысы Глоденис Анастасия, 8-сынып оқушысы Мисник Жасмина диплом және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Облыстық байқауда Жукова Александра Нұра ауданының командасы құрамында қатысып, 3- орынға ие болды. Отбасымен қатысқан 6- сынып оқушысы Анарбай Акерке, 7- сынып оқушысы Ибраев Семен, 9-сынып оқушысы Ибраев Виктор, 11-сынып оқушысы Ибраев Савелийдің есімдері мектептің жалпы жиынында ерекше аталып, марапаттары табысталды.