back-image
"Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
«Жас сақшы»
21-04-2026 09:52
«Жас сақшы»
Ұлы Отан соғысының қаһарман қызы, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 101 жылдығына орай мектебімізде «Жас сақшы» сыныбының қыздары арасында пневматикалық қарудан оқ ату сайысы өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу, батыр қыздың ерлігін үлгі ету, әскери дайындық дағдыларын дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау. Сонымен қатар, қыз балалардың әскери-патриоттық бағыттағы қызығушылығын арттыру көзделді.
Сайыс барысында қатысушылар қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтай отырып, нысанаға дәлдікпен ату бойынша өз шеберліктерін көрсетті. Әрбір қатысушының мергендігі, жинақылығы мен жауапкершілігі жоғары деңгейде байқалды.
Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен оқушылар марапатталып, жеңімпаздар анықталды.
Новости