back-image
"Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
«Даналық мектебі – ұрпақ тәрбиесінің алтын діңгегі»
24-04-2026 09:54
«Даналық мектебі – ұрпақ тәрбиесінің алтын діңгегі»
24 сәуір күні нұра ауданында өткен «Адал азамат – біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру аясындағы «Даналық мектебі – ұрпақ тәрбиесінің алтын діңгегі» тақырыбындағы облыстық семинар жас ұрпақ тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтардың маңызын насихаттауға бағытталды. Аталған іс-шараға мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Маканова А.Ж. және ағылшын тілі пәні мұғалімі Есенова М.К. қатысып, «Дәстүрлі отбасындағы қыз тәрбиесі» тақырыбында шеберлік сабағын ұсынды.
Шеберлік сабағы барысында қатысушылар қазақ халқының ұмыт бола бастаған қолөнер түрлерімен танысып, ұршық иіру, құрақ құрау, ою-өрнек жасау, тоқу сияқты ұлттық дәстүрлерді тәжірибе жүзінде орындады. Іс-шараның негізгі мақсаты – қыз баланы тәрбиелеудегі ұлттық құндылықтардың рөлін арттыру, отбасылық тәрбиенің маңызын дәріптеу және дәстүрлі өнерді жаңғырту.
Семинар нәтижесінде қатысушылар ұлттық тәрбие негіздерін тереңірек түсініп, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.
Новости