back-image
"Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
«Арман аралы және мақсаттар картасы»
27-04-2026 09:31
«Арман аралы және мақсаттар картасы»
24.04.26 күні Р.Асубаев атындағы ЖББМ 3-сынып оқушыларымен «Арман аралы және мақсаттар картасы» тақырыбында психолог сағаты өткізілді.
Мақсаты: Оқушылардың қиялын дамыту арқылы оны нақты мақсаттарға айналдыруды үйрету, өзіне деген сенімділікті нығайту.
Тренингтің негізгі сәттері:
Сәлемдесу сағаты: «Арман сыйла» жаттығуы арқылы балалар арасында жағымды атмосфера орнап, бір-біріне ізгі тілектерін білдірді.
Танымдық сәт: «Арман мен мақсаттың айырмашылығы» тақырыбындағы шағын дәріс арқылы балалар арманның — қиял, ал мақсаттың — жоспарлы әрекет екенін түсінді.
Практикалық кезең: «Сиқырлы түрлену» жаттығуында оқушылар топқа бөлініп, дерексіз армандарды нақты мақсаттарға («баспалдақтарға») айналдыру жолдарын үйренді.
Шығармашылық жұмыс: «Менің әуе шарым» арт-техникасы арқылы әр оқушы өз қалауларының жоспарын құрып, болашаққа деген нық сенім қалыптастырды.
Қолдау сәті: Жұптық жұмыста балалар бір-біріне мотивация беріп, жылы сөздер айту арқылы достық қарым-қатынасты нығайтты.
Қорытынды:
Тренинг соңында оқушылар «мақсаттың аяғы бар арман» екенін, оған жету үшін күнделікті еңбек пен жоспар керек екенін ұғынды. Әр бала өзінің мақсаттар картасын жасап, болашақ жетістіктеріне алғашқы қадам жасады. Өткізген педагог - психолог: А.Б.Шаймерденова
Новости