back-image
КГУ "Общеобразовательная школа им. Рахима Асубаева"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Общеобразовательная школа им. Рахима Асубаева"
Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» қағидаты және «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында Ұлы Жеңіс күніне орай аудандық «Саптық әндер» байқауы өтті.
04-05-2026 11:17
Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» қағидаты және «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында Ұлы Жеңіс күніне орай аудандық «Саптық әндер» байқауы өтті.
04.05 күні Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» қағидаты және «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында Ұлы Жеңіс күніне орай аудандық «Саптық әндер» байқауы өтті. Аталған байқаудың басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына патриоттық тәрбие беру, әскери тәртіпке баулу, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру және саптық дайындықтарын шыңдау.
Байқауға аудан мектептерінен командалар қатысып, өзара бақ сынасты. Қатысушылар саптық жүріс, бұрылу тәсілдері, командаларды нақты орындау және патриоттық әндерді мәнерлеп орындау бойынша бағаланды.
Аталған сайыста мектебіміздің «Жас сақшы» сыныбы жоғары дайындық пен ұйымшылдық танытып, өз өнерлерін лайықты деңгейде көрсетті. Нәтижесінде аудандық «Саптық әндер» байқауында жүлделі ІІІ орынға ие болды.
Новости