back-image
КГУ "Общеобразовательная школа им. Рахима Асубаева"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Общеобразовательная школа им. Рахима Асубаева"
Ұлы Жеңістің 81 жылдығы мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 34 жыл толуына орай мектебімізде патриоттық бағыттағы «Саптық ән» байқауы
06-05-2026 11:25
Ұлы Жеңістің 81 жылдығы мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 34 жыл толуына орай мектебімізде патриоттық бағыттағы «Саптық ән» байқауы
Ұлы Жеңістің 81 жылдығы мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 34 жыл толуына орай мектебімізде патриоттық бағыттағы «Саптық ән» байқауы ұйымдастырылды. Аталған іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, әскери-патриоттық тәрбиені нығайту, сондай-ақ тәртіп пен ұйымшылдыққа баулу.
Байқауға мектептің 2-10 сынып оқушылары қатысып, саптық дайындықтарын, ән орындау шеберліктерін және бірізді қимыл-қозғалыстарын көрсетті. Қатысушылар сапта жүру, бұрылу, командаларды нақты орындау және патриоттық әндерді үйлесімді айту бойынша өзара сынға түсті.
Әділқазылар алқасы әр команданың саптық жүрісін, сыртқы келбетін, әнді орындау деңгейін және жалпы ұйымшылдығын бағалады. Нәтижесінде үздік өнер көрсеткен сыныптар жүлделі орындарға ие болып, арнайы грамоталармен марапатталды.
Бұл байқау оқушылардың әскери тәртіпке деген қызығушылығын арттырып, олардың бойында жауапкершілік, батылдық және елжандылық қасиеттерін қалыптастыруға зор ықпал етті.
Новости