9 мамыр – Жеңіс күніне орай 2-сыныпта тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға Ұлы Отан соғысының маңызын түсіндіру, ардагерлердің ерлігін үлгі ету және Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру.
Сынып сағаты барысында оқушылар Жеңіс күні туралы мәліметтер тыңдап, соғыс жылдарындағы батырлар жайлы әңгімелермен танысты. Сонымен қатар, тақпақтар айтып, суреттер көрсетіп, өз ойларымен бөлісті. Мұғалім балаларға бейбіт өмірдің қадірін түсіндіре отырып, достыққа, татулыққа тәрбиелеуге ерекше назар аударды.