back-image
КГУ "Общеобразовательная школа им. Рахима Асубаева"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Общеобразовательная школа им. Рахима Асубаева"
**ЖАС ҚҰТҚАРУШЫЛАР — АУДАННЫҢ ҮЗДІГІ!**
13-05-2026 11:53
**ЖАС ҚҰТҚАРУШЫЛАР — АУДАННЫҢ ҮЗДІГІ!**
**ЖАС ҚҰТҚАРУШЫЛАР — АУДАННЫҢ ҮЗДІГІ!**
Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар кезінде әрекет етуге баулитын аудандық «Жас құтқарушылар» сайысында мектебіміздің жас құтқарушылары жоғары дайындық пен ұйымшылдықтың үлгісін көрсетіп, жүлделі І орынға ие болды.
Сайыс барысында қатысушылар бірнеше кезең бойынша өз білімдері мен шеберліктерін сынады. Атап айтқанда, «Визитная карточка» кезеңінде команда өздерінің бірлігі мен шығармашылығын таныстырып, көрермендер мен қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.
«Медико-санитария» бөлімінде оқушылар алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерін сауатты орындап, төтенше жағдай кезіндегі шапшаңдықтарын көрсетті. Сонымен қатар, «Стенгазета» сайысында қауіпсіздік пен құтқару қызметінің маңызын насихаттайтын мазмұнды әрі креативті жұмыстар ұсынды.
Ең тартысты кезеңдердің бірі — өртсөндірушінің арнайы киімін уақытқа кию сайысы болды. Бұл кезеңде команда мүшелері ептілік пен жылдамдық танытып, нағыз құтқарушыға тән батылдықтарын дәлелдеді.
Жарыс қорытындысы бойынша мектебіміздің командасы үздік нәтиже көрсетіп, аудандық сайыстың жеңімпазы атанды. Бұл жетістік — оқушылардың қажырлы дайындығы мен жетекшілерінің тынымсыз еңбег
Новости