«Заң және тәртіп – халықтық Конституция құндылықтары»
«Заң және тәртіп – халықтық Конституция құндылықтары» тақырыбындағы сынып сағаты 6-сынып оқушыларына арналған тәрбиелік іс-шара ретінде өткізілді. Іс-шара барысында оқушыларға заң мен тәртіптің маңызы, әрбір азаматтың құқықтары мен міндеттері түсіндірілді. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, құқықтық сауаттылығын арттырды. Нәтижесінде олар заңды құрметтеу мен тәртіп сақтаудың қоғам үшін маңызын ұғынды. Сынып жетекші Каримолдина Г.Е