Аралық емтихан
Білім алушылардың қазақ тілі пәні бойынша оқу бағдарламасының көлемін меңгеру деңгейін ,негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарына сәйкес бағалау; білім алушылардың келесі деңгей материалдарын игеру дайындығын; функционалдық сауаттылықтарының қалыптасу деңгейлерін бағалау мақсатында 26 мамыр күні Р.Асубаев атындағы ЖББМ 6,8 "а" сыныптарында аралық емтихан өткізілді.Емтиханға 6-сыныптан 16,
8- сыныптан 14 оқушы қатысты.Оқушылар оқылым,жазылым дағдылары ,әдеби тіл нормалары бойынша тапсырмаларды орындады.