Р. Асубаев атындағы ЖББМ-де 2026 жылғы 29 мамыр күні 9-сынып оқушылары үшін Aлгебра пәнінен мемлекеттік емтихан басталды.Емтиханға Нұра ауданының білім бөлімінің әдіскері Амантай А.Д қатысты.Емтихан оқушылардың негізгі математикалық білімін, есеп шығару дағдыларын және логикалық ойлау қабілетін тексеруге бағытталған. Тапсырмалар алгебраның негізгі бөлімдерін қамтып, теңдеулер, функциялар, мәтіндік есептер және статистика тақырыптары бойынша берілді. Бұл емтихан негізгі орта білімді аяқтаудың маңызды кезеңдерінің бірі болып табылады.