Р.Асубаев атындағы ЖББМ "Шағала" жазғы сауықтыру лагерінің екінші маусымының ашылуы ашық аспан астында ерекше форматта өтті. Салтанатты ашылу рәсімінен кейін, балаларға күтпеген жерден көңілді сайқымазақ Клепа қонаққа келді. Далада ұйымдастырылған бағдарлама аясында Клепа балалармен бірге қозғалыс ойындарын ойнап, қызықты эстафеталар өткізді. Балалар табиғат аясында түрлі логикалық жұмбақтарды шешіп, сайқымазақтың көңілді фокустарын тамашалады және флешмобпен мерекені жандандырды. Осы маусымда барлық демалушы бүлдіршіндерге ұмытылмас ерекше демалыс тілейміз!