back-image
"Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
«Алтын тұғыр» олимпиадасының аудандық кезеңі
28-10-2026 13:23
«Алтын тұғыр» олимпиадасының аудандық кезеңі
Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін арттыру, пәндік білімі мен әдістемелік құзыреттілігін сараптау мақсатында өткізілген «Алтын тұғыр» олимпиадасының аудандық кезеңіне «Рахим Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ педагогтерінің қатысу нәтижелеріне арналған.Олимпиада барысында мұғалімдердің теориялық дайындығы, заманауи оқыту әдістемелерін меңгеру деңгейі және күрделілігі жоғары тапсырмаларды шешудегі логикалық пайымдаулары сыналды.Білім мен кәсіби шеберлік сыналған аудандық сайыстың қорытындысы бойынша мектеп педагогтері жоғары нәтиже көрсетті:Елубаева Г.Ж. — терең білімі мен жоғары кәсіби біліктілігінің арқасында жүлделі ІІІ орынға ие болды;Лих Л.В. — олимпиадаға белсене қатысып, педагогикалық шеберлігін танытқаны үшін сертификатпен марапатталды.
Ұстаздардың бұл жетістігі «Рахим Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі» ұжымының педагогикалық әлеуетін, сапалы білім берудегі қарым-қабілетін және кәсіби өсуге деген ұмтылысын айқын көрсетеді.
Жаңалықтар