20 қараша – Халықаралық балалар құқығын қорғау күніне орай мектебімізде бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен флешмоб ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – оқушыларға бала құқықтары туралы түсінік қалыптастыру, әр баланың өмір сүруге, білім алуға, еркін дамуға және бақытты балалық шаққа құқығы бар екенін насихаттау.
Флешмоб барысында оқушылар бірлік пен ынтымақтастықты көрсетіп, балалардың құқықтарын қорғаудың маңыздылығына назар аударды.
Әр бала бақытты балалық шаққа лайық! Әр баланың құқығы – біздің ортақ жауапкершілігіміз!