back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Абай ауданы білім бөлімінің «Ақерке» бөбекжай» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Абай ауданы білім бөлімінің «Ақерке» бөбекжай» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
2026 жылғы 15 мамыр күні «Ақерке» бөбекжайы» КМҚК-да жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді
15-05-2026 16:53
2026 жылғы 15 мамыр күні «Ақерке» бөбекжайы» КМҚК-да жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді
2026 жылғы 15 мамыр күні «Ақерке» бөбекжайы» КМҚК-да жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында бөбекжай директоры К.О. Жылкыбаева балалардың қауіпсіздігі мен санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтау мақсатында балабақшаның кәріз (канализация) жүйесіне ағымдағы жөндеу және аумақты абаттандыру жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туындағанын хабарлады.
Қазіргі таңда:
* кәріз жүйесінің тозуына байланысты апаттық жағдайлардың алдын алу;
* аумақтағы тегіс емес асфальт жабындысын реттеу;
* балалар ойын алаңындағы тозған беседкаларды жаңарту  мақсатында жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылданды.
Кәріз жүйесін ағымдағы жөндеу жұмыстары мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы ашық конкурс тәсілімен өткізіліп, мердігер ретінде «ЦентрСтрой-М» ЖШС анықталды. Жөндеу жұмыстары 2026 жылғы 1 маусым мен 21 маусым аралығында жүргізіледі. Осыған байланысты аудандық білім бөлімінің бұйрығына сәйкес балабақша аталған мерзім аралығында уақытша жабылады. Сонымен қатар, балабақша аумағын абаттандыру бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде. Егер мердігер ұйым анықталып, жұмыс мерзімі бекітілсе, жөндеу жұмыстарының ұзартылуы мүмкін екені қосымша хабарланады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59 бұйрығымен бекітілген санитариялық қағидаларға сәйкес, балабақша жұмыс істеп тұрған кезде ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді. Бөбекжайдың шаруашылық меңгерушісі А.Б. Жаксылыкова жалпы балабақшада қандай жөндеу жұмыстары жүргізілетінін таныстырып өтті.
Біздің басты міндетіміз — тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығын сақтау.
Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!
#АқеркеБөбекжайы #БалаларҚауіпсіздігі #Абаттандыру #ЖөндеуЖұмыстары
Новости