Ақпарат
"Ақерке" бөбекжайындағы маусым айында жүргізілген кәріз (канализация) жүйесін жөндеу жұмыстары туралы
2026 жылдың маусым айында «Ақерке» бөбекжайында ғимараттың инженерлік инфрақұрылымын жақсарту және тәрбиеленушілер мен қызметкерлерге қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау мақсатында кәріз (канализация) жүйесіне жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Жөндеу барысында кәріз жүйесінің техникалық жай-күйіне толық тексеру жүргізіліп, тозығы жеткен құбырлар мен бөлшектер ауыстырылды. Сондай-ақ, кәріз желілеріндегі ақаулар жойылып, су ағызу жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі қамтамасыз етілді. Қажетті сантехникалық құрылғылар жаңартылып, жүйенің үздіксіз әрі қауіпсіз жұмыс істеуіне жағдай жасалды.
Қазіргі таңда кәріз жүйесі толықтай қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Жөндеу жұмыстары белгіленген жоспарға сәйкес толық көлемде аяқталып, нысан одан әрі көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына дайындалуда.
Ремонт кезінде:

Ремонттан кейін:
