26.11.2025 ж. «Аққу» бөбекжай» КМҚК-ның тәрбиешілері «Құлыншақ» мектепалды тобының тәрбиеленушілерімен бірлесіп, бөбекжай мен мектеп арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету мақсатында Ахмет Байтұрсынов атындағы мектеп-гимназия базасында өткен облыстық тәжірибе алмасу семинарына қатысты.
Семинар «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ұйымдастырылып, «Қамқор» жобасы мен «Қоғамдық мүлікті сақта» алдын алу шарасы шеңберінде «Қоғамдық мүлікті қорға» тақырыбында театрландырылған қойылым ұсынылды.




