31.10.2025 ж. «Аққу» бөбекжай» КМҚК-ның мектепалды тобының тәрбиеленушілері мектеппен сабақтастық жұмысы жоспарына сәйкес Абай Құнанбаев атындағы №5 мектеп-гимназиясына экскурсияға барды.
Экскурсияның мақсаты – балалардың мектепке деген қызығушылығын арттыру, мектеп ортасымен, оқу үдерісінің ерекшеліктерімен және мектеп өмірінің дәстүрлерімен таныстыру.
Нәтижесінде тәрбиеленушілер мектеп туралы алғашқы түсінік алып, жаңа ортаға бейімделуге дайындық деңгейі артты, танымдық қызығушылықтары мен жағымды эмоциялық көңіл күйі қалыптасты.





