«Болашақ бірінші сынып оқушысының портреті» тақырыбында диагностика.
Бүгін «Аққу» бөбекжай» КМҚК-да мектепалды топ тәрбиешілерімен «Болашақ бірінші сынып оқушысының портреті» тақырыбында тәрбиеленушілерге диагностика жүргізілді. Сауалнама әр балаға жеке толтырылып, бағалау шкаласы арқылы ұпаймен бағаланды.
1. Баланың танымдық дайындығы
2. Әлеуметтік дайындығы
3. Эмоционалдық дайындығы
4. Ерік-жігер дайындығы бағаланды.
Педагог-психолог сауалнама нәтижесін өңдеп, қорытынды шығарды. Қорытындылай келе «Ботакөз» мектепалды тобында 72% бала - мектепке толық дайын, 20% бала - шартты түрде дайын (кей бағытта қолдау қажет), 8% бала- қосымша дайындықты қажет етеді. «Құлыншақ» мектепалды тобында 78% бала - мектепке толық дайын, 18% бала - шартты түрде дайын, 4% бала - қосымша дайындықты қажет етеді.
Бөбекжай әкімшілігімен бірігіп ұсыныс жасалды: Мектепке дайындық жұмысы кешенді түрде жүргізілуі тиіс.
Ата-анамен тығыз байланыс орнату. Қосымша дайындықты қажет ететін балалармен түзету-дамыту жұмысы жүйелі және жоспарлы ұйымдастырылуы керек.


