back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Абай ауданы білім бөлімінің "Аққу" бөбекжай"

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Абай ауданы білім бөлімінің "Аққу" бөбекжай"
«Баланы мектепке бірге дайындаймыз» тақырыбында ата-аналар жиналысы
20-02-2026 15:11
«Баланы мектепке бірге дайындаймыз» тақырыбында ата-аналар жиналысы
Абай ауданының білім бөлімінің іс-шаралар жоспарына сәйкес, балабақша мен бастауыш мектеп арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету аясында «Аққу» бөбекжай» КМҚК-да «Баланы мектепке бірге дайындаймыз» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс Абай Құнанбаев атындағы № 5 мектеп-гимназиясы мен балабақша арасындағы сабақтастығы аясында ұйымдастырылды. Кездесудің құрметті қонағы бастауыш сынып мұғалімі Лаура Далабайқызы болды, ата-аналармен шебер-сынып өткізді және болашақ бірінші сынып оқушыларын мектепке дайындаудың ерекшеліктері туралы әңгімелесті.
 Ата-аналар үіш бұл кездесу өздерін қызықтыратын сұрақтар қоюға мүмкіндік болды және мектепке бейімделуге, психологиялық дайындыққа және оқу мотивациясын қалыптастыруға қатысты толық жауаптар алды.
 Жиналыстың мақсаты балабақша, мектеп мұғалімдерінің және отбасы балаларды оқытуға сапалы даярлау мәселелеріндегі күш-жігерін біріктіру болды. Мектепке дайындық - бұл әр баланың өміріндегі маңызды кезең, тек бірлескен жұмыс оны сәтті, сабырлы және қуанышты етуге көмектеседі.
Новости