back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Абай ауданы білім бөлімінің "Аққу" бөбекжай"

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Абай ауданы білім бөлімінің "Аққу" бөбекжай"
«Дене шынықтыру – денсаулық кепілі»
28-11-2025 16:53
«Дене шынықтыру – денсаулық кепілі»

     «Аққу» бөбекжай КМҚК-да «Дене шынықтыру – денсаулық кепілі» тақырыбында кіші топ балалары мен ата-аналарына арналған жеңіл, қауіпсіз жаттығулар кешенін дене тәрбиесі нұсқаушысы Нұрмұханова А.Р. ата-аналармен бірге жасап көрсетті. Бұл жаттығуларды үйде де, балабақшада да өткізуге ыңғайлы.

    Мақсаты: Баланың қимыл-қозғалысын дамыту, Ата-ана мен бала арасындағы эмоционалдық байланысты нығайту, салауатты өмір салтына қызығушылық қалыптастыру.

І. «Күнге қол созайық» (Жалпы дамыту жаттығуы)

Орындау: - Қолды жоғары көтеріп, «күнге» созылады

-Қолды төмен түсіреді.

(4-5 рет) «Күн шықты, жылы сәуле шашты».

ІІ. «Кубиктермен жаттығу»

  • Кубиктерді қолға алып, музыка ырғағымен қимылдау (4-6 рет).

Қол моторикасын дамытады.

ІІІ. «Аю қалай жүреді?»

Орындау: - Алға еңкейіп, қолды тіреп, жай жүру.

  • Ата-ана бірге көрсетеді

(20-30 секунд).

Көңілді, қауіпсіз жаттығу.

ІV. Тыныштандыру жаттығуы  «Гүлді иіскейік»

  • Терең тыныс алу – «гүлді иіскейміз»
  • Ақырын дем шығару (3 рет)

Жаттығу соңында өте пайдалы.

Ата-аналарға кеңес:

  • Жаттығуды ойын түрінде өткізіңіз.
  • Баланы мақтап, қолдап отырыңыз.
  • Күн сайын 5-10 минут қозғалысқа көңіл бөліңіз.

 

Новости