back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Абай ауданы білім бөлімінің "Аққу" бөбекжай"

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Абай ауданы білім бөлімінің "Аққу" бөбекжай"
Бала өміріндегі ертегінің маңызы» ата- аналармен пікірталас
21-04-2026 22:45
Бала өміріндегі ертегінің маңызы» ата- аналармен пікірталас
«Аққу» бөбекжай» КМҚК консультативтік пункт жұмысы сәуір айының жоспары бойынша «Бала өміріндегі ертегінің маңызы» тақырыбы бойынша тәрбиеші Умиртаева Перизат Төлеутайқызы  ата- аналармен пікірталас өткізді. 
Ертегі– халық ауыз әдебиетінің маңызды бір саласы. Ол балаға тек қызықты оқиға ғана емес, өмірлік тәрбие, өнеге, дұрыс пен бұрысты ажырату қабілетін береді. Ертегі тыңдаған бала жақсылық пен жамандықты салыстырып, өз мінез-құлқын қалыптастырады.
Пікірталас барысында ата-аналар ертегінің бала тәрбиесіндегі келесі маңызын атап өтті:
Тіл дамытуға әсері – ертегі арқылы бала жаңа сөздерді меңгереді, сөйлеу мәдениеті қалыптасады.
Қиял мен шығармашылықты дамытады – кейіпкерлер әлемі баланың ойлау қабілетін кеңейтеді.
Адамгершілік тәрбие береді – батырлық, адалдық, мейірімділік сияқты қасиеттерді бойына сіңіреді.
Эмоционалдық дамуға ықпал етеді – бала кейіпкерлерге жанашырлық танытып, сезімін түсіне бастайды.
Дәріс барысында ата-аналарға баламен бірге ертегі оқу, талқылау, кейіпкерлерді сахналау сияқты әдістер ұсынылды. Сонымен қатар, балаға ертегіні жай ғана оқып бермей, оның мазмұнын бірге талқылаудың маңыздылығы айтылды.
Қорытындылай келе, ертегі – бала тәрбиесінің ажырамас бөлігі. Ол баланың тек білімін арттырып қана қоймай, оның тұлға болып қалыптасуына үлкен әсер етеді. Сондықтан әрбір ата-ана баласының күнделікті өмірінде ертегіге уақыт бөлгені жөн.
Новости