Итоговое родительское собрание.
«Аққу» бөбекжай" КМҚК-да оқу жылының аяқталуына орай қорытынды ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыс барысында 2025–2026 оқу жылында атқарылған жұмыстар қорытындыланып, тәрбиеленушілердің жетістіктері мен даму нәтижелері таныстырылды. Ата-аналарға балалардың білім, тәрбие, шығармашылық және танымдық бағыттардағы жетістіктері туралы мәлімет берілді.
Сонымен қатар жазғы сауықтыру кезеңін ұйымдастыру, балалардың қауіпсіздігі, денсаулығын нығайту және алдағы оқу жылына қойылатын міндеттер талқыланды. Жыл бойы балабақша өміріне белсенді қатысып, қолдау көрсеткен ата-аналарға алғыс білдірілді.
Бала тәрбиесіндегі өзара ынтымақтастық пен сенім үшін барлық ата-аналарымызға ризашылығымызды білдіреміз!


