М. Жұмабаев атындағы ЖББМГ 5 «Ә» сыныбында «Заң бәріне ортақ» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сабақ барысында оқушылар заңның қоғамдағы маңызы, әр азаматтың құқықтары мен міндеттері, жауапкершілік ұғымы туралы мағлұмат алды. Оқушылар өз ойларын еркін айтып, өмірмен байланысты мысалдар келтірді.
Сонымен қатар қауіпсіздік сағаты өткізіліп, «Денсаулыққа пайдалы әдеттер» тақырыбы талқыланды. Оқушылар салауатты өмір салтын ұстану, жеке қауіпсіздік пен денсаулықты сақтау жолдары туралы ақпарат алды.
Өткізілген тәрбие және қауіпсіздік сағаттары оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, заңға деген құрметін қалыптастыруға және денсаулық мәдениетін дамытуға ықпал етті.


