“Айгөлек” тобының балаларымен қарды бояу арқылы
“Айгөлек” тобының балаларымен қарды бояу арқылы қыс мезгілі туралы қарапайым түсінік беру, олардың шығармашылық қабілеті мен ұсақ қол моторикасын дамыту мақсатында “Түрлі-түсті қарлар” такырыбында ҰІӘ өткізілді. Іс-әрекет барысында қарды бояу арқылы балалардың қиялы, ұсақ қол моторикасы және түстерді ажырату қабілеті арта түсті. Балалар өз ойларын еркін жеткізе білді.


