back-image
Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі
«Жыл мұғалімі – 2026» мектепішілік байқауы
11-02-2026 17:44
«Жыл мұғалімі – 2026» мектепішілік байқауы

2026 жылдың 17 ақпанында Мағжан Жұмабаев атындағы ЖББ мектеп-гимназиясында дәстүрлі «Жыл мұғалімі – 2026» мектепішілік байқауының қорытынды кезеңі жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді.
Байқау 3 кезең бойынша өтті:
???? 1-кезең. «Педагогтың визиткалық карточкасы»
Қатысушылар өздерінің кәсіби ұстанымы, педагогикалық тәжірибесі мен шығармашылық ерекшеліктерін таныстырды.
???? 2-кезең. «Ашық микрофон»
Әділқазы алқалары ұсынған тақырып аясында ұстаздар өз ойларын ортаға салып, ғылыми-әдістемелік құндылығы жоғары пікірлерін білдірді.
???? 3-кезең. Үй тапсырмасы «Мұғалімнің демалыс күні»
Бұл кезеңде қатысушылар әртістік шеберлігі мен креативтілігін көрсетіп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Байқау қорытындысы бойынша:
I дәрежелі диплом иегері – Бауыржан Жанерке. Жеңімпаз аудандық «Жыл мұғалімі – 2026» байқауына жолдама алды.
II дәрежелі дипломмен – Даирова Д.Е.
III дәрежелі дипломмен – Дюсенбі Ж.Е.
???? «Ең үздік үй тапсырмасы» номинациясы – Байдильдин Б.Д.
???? «Ең үздік сыныптан тыс іс-шара» номинациясы – Қабылда Ж.Е.
???? «Ең үздік сабақ» номинациясымен – Қабылда Ж.Е. иеленді.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз!
Ұстаздарымызға шығармашылық табыс, кәсіби өрлеу және жаңа жетістіктер тілейміз!

Новости