back-image
КГУ "Общеобразовательная школа имени М.Жумабаева"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Общеобразовательная школа имени М.Жумабаева"
«Жыл мұғалімі» байқауының I кезеңі
25-02-2026 09:50
«Жыл мұғалімі» байқауының I кезеңі

«Жыл мұғалімі» байқауының бірінші кезеңі аясында биология пәні мұғалімі Бауыржан Жанерке «Жүйке жүйесі және оның құрамбөліктері» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақ барысында заманауи әдіс-тәсілдер тиімді қолданылып, мұғалім жасанды интеллект көмегімен өзі құрастырған авторлық сайтты пайдаланды. Аталған платформа арқылы оқушылардың кері байланысы мен бағалауы жүргізіліп, оқу үдерісінің ашықтығы мен тиімділігі қамтамасыз етілді.

Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру мақсатында топтық, жұптық және жеке жұмыстар жүйелі ұйымдастырылды. Әр тапсырма оқушылардың логикалық ойлауын, талдау және пікір білдіру дағдыларын дамытуға бағытталды.

Сабақ басында жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру үшін Струпа тесті қолданылып, оқушылардың зейінін шоғырландыру мен сабаққа қызығушылығын арттыруға мүмкіндік жасалды.

Ашық сабақ мазмұны, құрылымы және цифрлық технологияларды тиімді қолдануымен ерекшеленіп, байқау талаптарына толық сай өтті.

Новости