Жыл мұғалімі-2026 байқауы аясында Бауыржан Жанерке 6-сынып оқушыларымен «Лудомания – тәуелділікке апарар жол» тақырыбында тәрбие сағаты өткізді.
Сабақ барысында оқушыларға лудоманияның зияны, оның психологиялық және әлеуметтік салдары туралы түсінік берілді.
???? Интерактивті тапсырмалар, өмірлік жағдаяттар мен пікір алмасу арқылы оқушылар өз ойларын еркін білдіріп, дұрыс шешім қабылдаудың маңызын ұғынды.
✨ Тәрбие сағаты оқушыларды саналы таңдау жасауға, уақытты тиімді пайдалануға және зиянды әдеттерден аулақ болуға бағытталды.



