Облыстық «Отбасынан қоғамға: Балалардың әл-ауқаты – біздің ортақ міндетіміз» бағдарламасы аясында оқушылар арасында қауіпсіз және белсенді азаматтық ұстаным мәдениетін қалыптастыру мақсатында мектеп белсенділерінің «Қауіпсіз мектеп» тақырыбында аудандық і
Аудандық деңгейдегі іс-шара ақпан айының 16 жұлдызында М.Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектеп - гимназиясында өтті. Шараға мектеп белсенділері, көшбасшылар және 5–11 сынып оқушылары қатысты.Іс-шара қатысушылардың танысу кезеңімен басталды. Мектептегі қауіпсіздік жағдайы туралы пікірлерін анықтау мақсатында жүргізушілер мектебіміздің педагог - психологы Айнұр Жомартқызы мен Ы. Алтынсарин ТМ (РО) педагог - психологы Жанна Төлеутаевна түрлі мәлімдемелер оқып, қатысушылар өз көзқарастарына сәйкес төрт аймаққа бөлінді. Бұл әдіс оқушылардың ой-пікірлерін ашық білдіруіне мүмкіндік берді.Келесі кезеңде іс-шара теориялық бөлімге ұласты. Педагог-психологтар «Қауіпсіздік» ұғымына түсінік беріп, оның түрлеріне тоқталды. Қатысушылар түрлі-түсті стикерлер арқылы топтарға бөлініп, бірлескен жұмысқа кірісті.
Жобалық-практикалық кезеңде әр команда «Қауіпсіз мектеп» бейнесін жасап, оны қалыптастыруға бағытталған өз жобаларын әзірледі. Оқушылар қауіпсіз білім беру ортасын құру бойынша тың идеялар ұсынып, жобаларын сәтті қорғап шықты. Ұсынылған жұмыстар белгіленген бағалау критерийлеріне толық сәйкес болды.Іс-шара соңында рефлексия кезеңі ұйымдастырылып, қатысушылар қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берді, өз ойларымен бөлісті. Аталған іс-шара өз мақсатына жетіп, жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Оқушылар қауіпсіз мектеп ортасын қалыптастырудағы өз рөлдерінің маңызын түсініп, белсенді азаматтық ұстанымдарын көрсете білді.