back-image
КГУ "Общеобразовательная школа имени М.Жумабаева"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Общеобразовательная школа имени М.Жумабаева"
Балабақшамен сабақтастық аясында мектебімізде танымдық экскурсия ұйымдастырылды.
25-02-2026 13:21
Балабақшамен сабақтастық аясында мектебімізде танымдық экскурсия ұйымдастырылды.

Экскурсияның негізгі мақсаты – мектепалды даярлық тобы тәрбиеленушілерін мектеп өмірімен таныстыру, оқуға деген қызығушылықтарын арттыру және олардың жаңа ортаға бейімделуіне ықпал ету болды.

Іс-шара барысында кішкентай қонақтар мектеп ғимаратын аралап, сынып бөлмелерімен, кітапханамен, спорт залымен және асханамен танысты. Мұғалімдер оқушылардың қалай білім алатыны, сабақтың қалай өтетіні туралы түсіндіріп, шағын ойын ұйымдастырды. Балалар партаға отырып көріп, тақтамен жұмыс жасап, сұрақтарға жауап беріп, өздерін нағыз оқушы ретінде сезінді.

Бұл кездесуден балалар ерекше әсер алып, мектепке баруға деген құлшыныстары артты.

Осындай сабақтастық жұмыстары балабақша мен мектеп арасындағы байланысты нығайтып, бүлдіршіндердің жаңа білім кезеңіне сенімді қадам жасауына мүмкіндік береді.

Новости