“Тәртіп пен ұқыптылық” ұжымдық еңбек, практикалық әрекет
Мағжан Жұмабаев атындағы ЖББМГ-ның жанындағы “Балдырған “ шағын орталығының балалары “Заң мен тәртіп” идеологиясын ілгерлету бойынша жоспарға сай “Тәртіп пен ұқыптылық” ұжымдық еңбек, практикалық әрекет жасады. Атап айтсақ, ересек топ қыздары жеке сөрелерін (шкафтарын) сүртті. Ал, ұлдарымыз ауланың қарын тазартып, қоқыстарын жинады. Бірігіп істеген жұмыс оңай екенін түсініп, қуанышты көңіл-күймен топқа оралды.