«Экология және Біз» факультатив
сабағында 4 “Ә” сынып оқушылары гүлдерді дұрыс отырғызу, топырақты күту және суару тәсілдерін үйренді.
Оқушылар бұл жұмыс арқылы табиғатты аялаудың маңызын түсініп, қоршаған ортаға деген жауапкершіліктерін арттырды. Гүл отырғызу сабағы балаларға ерекше көңіл-күй сыйлап, еңбектің нәтижесін көруге мүмкіндік берді. Енді олар отырғызған гүлдерге үнемі күтім жасап, олардың әдемі болып өсуіне атсалысатын болады.
«Экология және біз» сабағы оқушыларға экологиялық мәдениетті үйретіп, табиғатты аялау, өсімдіктерді күтіп-баптау туралы білімдерін тереңдетеді.


