Бүгін мектепке дейінгі бірлестіктің кезекті отырысы өткізілді. Жиналыс барысында аттестациядан өтетін педагогтер аттестация талаптарымен таныстырылып, қажетті құжаттарға жан-жақты шолу жасалды.
Отырысқа 5 педагог қатысып, оның ішінде әдіскер Э.Ж. Сыздыкбаева, педагог-психолог Г.Е. Шорманова және тәрбиешілер Н.О. Шорабекова, Н.Ж. Аязбекова, Г.С. Шолбаева өз тәжірибелерімен бөлісті.
Аттестациядан өтетін 3 педагогтің жұмыстары қаралып, тиісті ұсыныстар берілді. Нәтижесінде педагогтерге құжаттарды талапқа сай рәсімдеу, портфолиоларын уақытылы тапсыру міндеттері жүктелді.
???? Бірлестік жұмысы алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасады.