М. Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған облыстық сенбілікке бір кісідей атсалысты.
Мектеп ұжымы мекеме ауласы мен оған іргелес жатқан барлық аумақтар қоқыстан толықтай тазартылды.
Бұл шараның басты мақсаты — тек айналаны абаттандыру ғана емес, өскелең ұрпақтың бойында экологиялық жауапкершілік пен табиғатқа деген жанашырлықты қалыптастыру. Әрбір жиналған қоқыс пен тазаланған метр — туған жеріміздің гүлденуіне қосылған нақты үлес.
Тазалық — табалдырықтан басталады. Біз өз ортамызды таза ұстау арқылы қоғамдық мәдениеттің биік үлгісін көрсетеміз. Ортақ үйіміз — Қазақстанды бірге таза ұстайық!