Сабақтың мақсаты – оқушыларды қауіпті ұсыныстардан бас тартуға, өз шекараларын қорғауға және салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Сабақ барысында оқушылар белсенділік танытып, үш топқа бөлініп жұмыс жасады. Әр топ өздеріне берілген тақырыптар бойынша тапсырмаларды орындап, шығармашылық қабілеттерін көрсетті:
1️⃣ «Денсаулық – зор байлық» тақырыбында оқушылар мазмұнды постер дайындап, оны суреттермен безендіріп қорғады.
2️⃣ «Салауатты өмір салты» тобы физикалық белсенділіктің маңыздылығын ашатын постер құрды.
3️⃣ «Дұрыс тамақтану» тобы пайдалы және зиянды тағамдарды салыстырып, кесте құрастырып, дұрыс тамақтанудың маңызын түсіндірді.
Сабақ соңында оқушылар «Крокодил» ойынын ойнап, денсаулыққа қатысты сөздерді қимыл арқылы көрсетіп, қызықты әрі көңілді уақыт өткізді.
Сынып сағаты оқушылардың денсаулыққа деген көзқарасын қалыптастырып, өз өміріне жауапкершілікпен қарауға ықпал етті.