back-image
Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі
ДЕНСАУЛЫҚ – БАСТЫ БАЙЛЫҚ!
06-04-2026 11:53
ДЕНСАУЛЫҚ – БАСТЫ БАЙЛЫҚ!

Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында 5”А”-сынып оқушылары арасында «Салауатты өмірге қадам басу» атты ерекше тәрбие сағаты өтті.
Сабақ барысында:
Оқушылар 3 топқа бөлініп («Тазалық», «Дәрумен», «Шынығу»), денсаулықты сақтаудың маңызы туралы қызу пікір алмасты. «Дұрыс тамақтану пирамидасы» арқылы пайдалы және зиянды тағамдарды ажыратуды үйренді.
Күн тәртібі, сапалы ұйқы және спорттың адам ағзасына тигізер пайдасы туралы ситуациялық сұрақтарға жауап беріп, шешім қабылдауды машықтады.
Сабақтың ең қызықты сәті – оқушылардың өз қолдарымен денсаулық туралы постерлер дайындап, қорғауы болды. Шара соңында әр оқушыға пайдалы кеңестер жазылған арнайы брошюралар таратылды.

Мақсатымыз – өскелең ұрпақтың бойына жастайынан дұрыс әдеттерді қалыптастырып, саналы да салауатты азамат болып өсуіне ықпал ету.
Дені сау ұрпақ – жарқын болашақтың кепілі!

Новости