6 «А» сыныбымен «Өмірге салауатты қадам» атты ашық сынып сағаты
7 сәуір — Дүниежүзілік денсаулық күніне орай 6 «А» сыныбымен «Өмірге салауатты қадам» атты ашық сынып сағатын өткіздік.
Бүгін оқушыларымызбен тек теория жүзінде ғана емес, интерактивті ойындар мен викториналар арқылы денсаулықты сақтаудың маңызын талқыладық. Дұрыс тамақтану, физикалық белсенділік және заманауи гаджеттердің адам ағзасына әсері туралы пайдалы мәліметтер айтылды.
Болашақ ұрпақтың дені сау, рухы мықты болуы — біздің басты мақсатымыз!

