Кітап оқитын мектеп» жобасы аясында байқаудың мектепішілік кезеңі
М. Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында «Кітап оқитын мектеп» жобасы аясында байқаудың мектепішілік кезеңі өтті.
Байқауға мектебіміздің 9-10 сынып оқушылары белсене қатысып, өздерінің оқу сауаттылығы мен рухани дайындықтарын көрсетті. Бұл іс-шара жасөспірімдердің оқу мәдениетін қалыптастыруға, көркем шығармалардың мазмұнын терең түсініп, оны шынайы өмірмен байланыстыра білуге бағытталды. Кітапқа құштар жастарымыздың қатары көбейе берсін!