«Кітап оқитын мектеп» байқауының мектепішілік кезеңі
М. Жұмабаев атындағы мектеп-гимназиясында «Кітап оқитын мектеп» байқауының мектепішілік кезеңі өтті.
Байқауға 7-сыныптан 18 оқушы қатысып, жоғары белсенділік танытты. Бұл іс-шара оқушылардың оқу мәдениетін көтеруге, көркем шығармаларды терең түсінуге және ой-өрісін кеңейтуге бағытталған.«Кітап – білім нәрі, білім – өмір шырағы». Бүгінгі байқауға қатысқан барлық оқушыларымызға сәттілік тілейміз!