back-image
КГУ "Общеобразовательная школа имени М.Жумабаева"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Общеобразовательная школа имени М.Жумабаева"
Республикалық «Алтын түлек» олимпиадасындағы айтулы жетістік
08-04-2026 12:07
Республикалық «Алтын түлек» олимпиадасындағы айтулы жетістік

2026 жылдың 3 сәуірінде Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің базасында 10-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Алтын түлек» математикалық олимпиадасы өтті. Офлайн форматта ұйымдастырылған бұл дода математикалық қабілеті жоғары оқушыларды қолдауды, жастарды ғылымға баулуды және олардың техникалық мамандықтарға деген қызығушылығын оятуды мақсат етті.
Аталған білім бәйгесінде М.Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының оқушылары үздік нәтиже көрсетіп, биік белестерді бағындырды. Атап айтқанда, 10-сынып оқушысы Сапаров Марғұлан білімімен көзге түсіп, арнайы Мақтау қағазымен иеленсе, 11-сынып оқушысы Идрисова Жания жүлделі ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жас дарындарымызды жеңістерімен құттықтай отырып, алдағы асуларда сәттілік тілейміз!
Жетекшілері :
Орынтай Март
Дюсенбі Жанерке Ерболатқызы

Новости