Бүгін, 22 сәуір күні Мағжан Жұмабаев атындағы ЖББ мектеп-гимназиясында 23 сәуір — Дүниежүзілік кітап күніне орай 5 «А» сынып оқушыларымен «Путешествие в мир книг» атты сыныптан тыс іс-шара өтті.
Мектеп кітапханашысы З.Д. Жаншинаның қатысуымен өткен бұл шара қызықты викторина түрінде ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты:
Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және рухани дүниесін байыту;
Дүниежүзілік кітап күнінің маңыздылығын түсіндіру;
Логикалық ойлау қабілетін дамытып, сөздік қорын молайту;
Кітапты күтіп ұстауға, білім мен өнерді қадірлеуге тәрбиелеу.
Викторина барысында оқушылар екі топқа бөлініп, тартысты додаға түсті. Олар «Мақал — сөздің мәйегі» кезеңінде кітап пен білім туралы мақал-мәтелдерді жалғастырып, тапқырлық танытса, келесі кезеңде сипаттама бойынша түрлі шығармалардың кейіпкерлерін анықтап, әдебиет әлеміне терең бойлады. ????
Оқушылар жұмбақтар шешіп, кейіпкерлер тағдырынан сыр шертіп, өздерінің оқуға деген ерекше ықыластарын көрсетті. Шара соңында белсенді қатысушылар марапатталып, кітаптың адам өміріндегі ең адал дос екені тағы бір мәрте дәлелденді.
Кітап оқыған адамның ойы ұшқыр, арманы асқақ болады! Әрқашан ізденісте болайық, жас достар!