back-image
Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі
«Мектепке дейінгі жастағы балалармен қолданылатын креативті музыкалық аспаптар» тақырыбында ауқымды облыстық семинар-практикум
27-04-2026 10:03
«Мектепке дейінгі жастағы балалармен қолданылатын креативті музыкалық аспаптар» тақырыбында ауқымды облыстық семинар-практикум

Осакаров ауданында Нұрай бөбекжайында «Мектепке дейінгі жастағы балалармен қолданылатын креативті музыкалық аспаптар» тақырыбында ауқымды облыстық семинар-практикум жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті.

Аталған іс-шара педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруға, заманауи әдіс-тәсілдермен тәжірибе алмасуға бағытталды. Семинар «Meet up» форматында өтіп, қатысушылар үшін ерекше шығармашылық алаңға айналды.

???? Семинар барысында:
– креативті музыкалық аспаптарды қолдану жолдары көрсетілді;
– балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға арналған шеберлік сыныптар ұсынылды;
– «Ribbon Flow Orchestra», «EcoMusic», «Boomwhackers», «Sound Design», «Ocean of sounds» секілді заманауи бағыттарда практикалық жұмыстар жүргізілді;
– педагог-психологтар мен музыка жетекшілерінің авторлық әдістері таныстырылды.

???? Қатысушылар су, тұрмыстық заттар және қарапайым құралдар арқылы ерекше дыбыстар әлемін жасап, музыка мен экологияны ұштастыра білді. Бұл – балалардың қиялын дамытудың тиімді жолдарының бірі екені дәлелденді.

????‍???? Шараға Нұра ауданының мектепке дейінгі ұйым педагогтері белсене қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісіп, кәсіби тұрғыда жаңа серпін алды. 

Новости