back-image
"Баршын тірек мектебі (ресурстық орталық)" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Баршын тірек мектебі (ресурстық орталық)" КММ
«Кім жүйрік?» интеллектуалдық сайысы өтті!
26-02-2026 12:03
«Кім жүйрік?» интеллектуалдық сайысы өтті!

«Ғылым және технология» жаратылыстану-ғылыми сауаттылығы апталығы аясында 9–10 сынып оқушылары арасында «Кім жүйрік?» атты интеллектуалдық сайыс ұйымдастырылды.

Сайыстың мақсаты – оқушылардың жаратылыстану пәндері бойынша білімдерін тереңдету, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту және жылдам шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру.
Сайыс барысында қатысушылар:
???? Физика, химия, биология пәндерінен сұрақтарға жауап берді;
???? Ғылым мен технология саласына қатысты логикалық тапсырмаларды орындады;
???? Тапқырлық пен білімдерін сынға салды.
Оқушылар белсенділік танытып, өз білімдерінің мықтылығын көрсетті. Әр кезең тартысты өтіп, нағыз білім бәйгесіне айналды.
Осындай шаралар жас ұрпақтың ғылымға деген қызығушылығын арттырып, білімге құштарлығын шыңдайды. ????
Новости