???? “Анашым, сізге арнадым…” ????
Мектебіміздің мектепалды даярлық сыныбында “Анашым, сізге арнадым…” атты тәрбие сағаты өткізілді. Сынып сағатының мақсаты – балалардың жүрегінде анаға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін қалыптастыру.
Іс-шара барысында бүлдіршіндер аналар туралы тақпақтар айтып, ән шырқап, өздерінің жүрекжарды тілектерін білдірді. Сондай-ақ, аналарына арнап жасаған шағын сыйлықтарын көрсетіп, қуаныштарын бөлісті.
Балалардың әрбір сөзі мен шынайы ықыласы – анаға деген шексіз махаббаттың көрінісі болды. 
Ана – әр баланың өміріндегі ең қымбат жан. Осындай тәрбиелік іс-шаралар арқылы балалар мейірімділікке, сыйластыққа және ата-ананы құрметтеуге тәрбиеленеді.